«Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығының аясында өткен «Таза жүрек. Таза әлем. Таза ғаламшар» атты облыстық семинар
17-04-2025 12:32
 «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығының аясында өткен «Таза жүрек. Таза әлем. Таза ғаламшар» атты облыстық семинар

      «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығының аясында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК,  «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММнің ұйымдастыруымен және Қарағанды облысы бойынша экология департаменті мемелекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы  Адилет Тлеубаевич Коянбаевтің қатысуымен Қарағанды қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясында 2025 жылдың 17 сәуір күні білім алушылар арасында қоршаған ортаға, табиғатқа азаматтық жауапкершілікпен қарауды және экологиялық мәдениетті дәріптеу арқылы педагогтердің құзыреттілігін арттырып, өзара тәжірибе алмасуын жүзеге асыру мақсатында  Қарағанды облысының педагогтеріне арналған «Таза жүрек. Таза әлем. Таза ғаламшар» атты облыстық семинар өтті.

      Семинар «Экология балалар көзімен» атты көрмесімен ашылып, педагогтер назарына  шеберлік сағаттар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұсынылды. Іс-шара  гимназия оқушыларының «Ғаламшардың қозғаушы күші – жастар» тақырыбында әдеби-манифестпен жалғасып, семинарға қатысушылардың кері байланысымен аяқталды. Экологиялық сауаттылық апталығының аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарға сай өз жалғасын табуда.