Размер шрифта:
Қарағанды облысы колледждерінің кітапханашыларына арналған маман күні: «Кітапханашының құзыреттілігін дамыту - кітапхананы тиімді дамыту факторлары ретінде. Кітапханалық қызмет көрсету: сапа мен қолжетімділікке бағдарлар» тақырыбындағы облыстық оқыту
16-04-2025 12:53
 Қарағанды облысы колледждерінің  кітапханашыларына арналған маман күні: «Кітапханашының құзыреттілігін дамыту - кітапхананы тиімді дамыту факторлары ретінде. Кітапханалық қызмет көрсету:   сапа мен қолжетімділікке бағдарлар»  тақырыбындағы облыстық оқыту

      2025 жылдың 16 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Ж.Бектұрова атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының базасында «Кітапханашының құзыреттілігін дамыту-кітапхананы тиімді дамыту факторлары ретінде. Кітапханалық қызмет көрсету:сапа мен қолжетімділікке бағдарлар»  тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға Қарағанды облысы колледждерінен 30 кітапханашы қатысты.

Мақсаты:кітапхана қызметкерлерінің кітапханалық-ақпараттық қызмет саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға қолдау көрсету.

Семинарды «Ж.Бектұрова атындағы «Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы» КММ басшысы Каленова Нургул Касымхановна ашып, құттықтау сөз сөйледі.

СеминарЖ. Бектұровтың мұражайымен таныса отырып, кітапхана тарихына экскурсиямен басталды.

Семинардың негізгі бөлімінде Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК ақпараттық-библиографиялық бөлімінің басшысы О.В.Лебедов «Bekturov's Brain Battle» интеллектуалды ойыны: ойын брендингіне кіріспе» тақырыбы бойынша тәжірибесін ұсынды. Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК ақпараттық-әдістемелік бөлімнің басшысы С. Ж. Жүсіпованың «Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету» жаңа шындық тақырыбындағы баяндамасысеминар қатысушыларының айрықша қызығушылығын тудырды. Ол кәсіби стандартты қолдану ерекшеліктері, сондай-ақ кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттерін дамыту саласындағы ұсыныстар туралы айтты.

 «Кәсіби баспа әлемі» (кітапхана басылымдарының дайджесті) тақырында Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК ақпараттық - әдістемелік бөлімінің кітапханашысы О. Н.Волкова баяндама жасады.

«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мониторингі және қорытындысы. Біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру арқылы құндылықтарды сіңіру» туралы Қарағанды облысы колледждері кітапханашыларының ОӘБ төрағасы А.Ж. Сүлейменова сөз алып,  ОӘБ-ның 2024 жылғы жұмысына талдау жасады.

«Заманауи оқырманға арналған заманауи кітапхана» тақырыбы бойынша «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК кітапхана меңгерушісі С.С. Шоменбаева сөз сөйлеп,тәжірибе алмасты.

Семинар ашық диалог форматында өтті. Қорытындылай келе, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Т.М. Баймағанбетова, Ж. Бектұров атындағы ҚОЖК ақпараттық - әдістемелік бөлімнің басшысы С. Ж. Жүсіпова семинардың жұмысын талдап, қатысушылардың семинардан алған білім-біліктері мен дағдылары кітапханашылардың кәсіби өсулеріне көмектеседі деп үміттенетіндіктерін айтты.

Семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, осындай кәсіби кездесулер жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.