«ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ – 2025» БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18-04-2025 18:47
«ҮЗДІК КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУШІ – 2025»  БАЙҚАУЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 18 сәуірінде педагогтердің кәсіби шеберлігі мен кәсіби бағдар  үйлестірушілерінің – «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауының облыстық іріктеу кезеңін онлайн форматында өткізді.

      Байқауға Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Приозерск, Шахтинск қалалары мен Бұқар жырау, Қарқаралы, Осакаровка, Нұра және Шет аудандарынан барлығы 23 педагог пен кәсіби бағдар жұмысын үйлестірушілері қатысты.

   Іс-шара білім беру ұйымдары мен колледждер арасында үздік кәсіби бағдар берушіні анықтау, кәсіби бағдар берудің жаңа форматтарын іздеу, өңірлік еңбек нарығының сұранысын ескере отырып мамандықтарды насихаттау және оқушылардың болашақ мамандық таңдауға қызығушылығын арттыру мақсатында байқау түрінде ұйымдастырылды.


    Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша келесі педагогтер финалға өтті:

  • Қайырберлинова Айгерім Какенқызы, Нұра ауданы, «М.Сүлейменов атындағы тірек мектебі» КММ
  • Жолдасханова Балауса Мейрамжанқызы, Шахтинск қаласы, «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ
  • Кәріп Фариза Мейіржанқызы, Қарағанды қаласы, «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ
  • Жұмағұлова Назым Ахановна, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы, «№20 жалпы білім беретін мектеп» КММ
  • Мұханбетжанова Кулшат Рысбековна, Осакаровка ауданы, «Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі» КММ
  • Кун Светлана Владимировна, Теміртау қаласы, «№21 жалпы білім беретін мектеп» КММ

   «Үздік кәсіби бағдар беруші» байқауының финалистеріне сәттілік тілейміз!