2025 жылғы 18 сәуірде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері мен энергетика саласы кәсіпорындарының қызметкерлері арасындағы «Үздік мамандық иесі» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің және энергетика саласы кәсіпорындары қызметкерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Байқауға келесі колледждер мен кәсіпорындардың командалары қатысты:
- «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
- «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК;
- «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК;
- «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КМҚК;
- «CHINT KZ» ЖШС;
- «220VOLT» ЖШС;
- «KEGOC» АҚ.
Байқау студенттердің кәсіби бағдарын дамытуға, олардың еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ колледждер мен кәсіпорындар арасында берік байланыстар құруға ықпал етті.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы, облыстың үздік кәсіпорындарының өкілдері критериалды бағалады: «Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Электро-профи» ЖШС, академик А. С. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті.
Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің командасы;
2 орын - «CHINT» ЖШС және «220 VOLT» ЖШС командалары;
3 орын – Теміртау жоғары политехникалық колледжінің командасы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!





umc-ro@umckrg.gov.kz



