Размер шрифта:
«БИЗНЕС СТАРТАП - ЖОБАЛАР» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24-04-2025 11:30
«БИЗНЕС СТАРТАП - ЖОБАЛАР» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

      2025 жылдың 24 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және Қарағанды қаласының «№97 гимназия» КММ бірлесе отырып «Бизнес стартап - жобалар» облыстық байқауының финалдық кезеңі өткізілді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша финалдық турдың жеңімпаздары анықталды:

1 орын:

Ручкина Ульяна, Осакаров ауданы «№13 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы.

2 орын:

Рымбаева Әдия, Ошакбаева Аружан, Абдиева Медина, «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушылары;

Маханбетчина Аделия Ернуровна, Қамар Аянат, Қарағанды қаласы «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясы» КММ оқушылары.

3 орын:

Нұрбек Әмира, «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушысы;

Бормин Максим, Аблаш Айкын, Сон Иван, «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушылары;

Ергешбай Иврахим Базарбайұлы, Шахтинск қаласы «Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы.