2016 жылы 27 сәуірде Сәтбаев қаласында «Желілік қоғамдастық – педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырудың тиімді жолы» тақырыбында стендтік конференция өтті. Стендтік конференция өз жұмысында педагогтердің желілік қоғамдастығы жұмысының төңірегінде деңгейлік бағдарламалардың басты идеяларын жүзеге асырудың тиімді механизмдерін анықтауды мақсат етіп қойып, төмендегідей міндеттерді шешуге бағыт алды: нновациялық оқыту технологияларын енгізу бойынша тәжірибелерді жинақтау және тарату; курстан кейінгі уақытта педагогтерге қолдау көрсету; қала желілік қоғамдастығы педагогтерінің өзін кәсіби жүзеге асыруына жағдай жасау.
Конференцияның басында өткен пленарлық отырыста қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Беткер Ирина Михайловна қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі, содан соң Жетекші мектеп «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директоры Суюнжанова Гульбану Каирбековна «Білім беруді модернизациялау жағдайында оқытудағы және білім берудегі жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. «С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ директорының орынбасары Оразалина Ф.Т. жетекші мектептің жұмысына тоқталса, №4 мектеп-лицейінің қазақ тілімен әдебиеті мұғалімі Бимбетова М.Т. мұғалімнің өзгерістер заманындағы ролі туралы сөз қозғады. Баяндамалар мазмұндылығымен ерекшеленді, маңызды мәселелерді көтерді және қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның екінші кезеңінде стендтік сессиялар өтті, онда әр мектептің желілік қоғамдастықтары өздерінің әдістемелік, дидактикалық, көрнекілік материалдарын көрсетті, педагогикалық жетістіктерімен және педагогикалық міндеттерді шешудің тәсілдерімен таныстырды.
Конференцияның соңында қатысушылар өздерінің пікірлерімен бөлісті. Сөйлеушілердің көпшілігі мұндай іс-шаралар өткізу пайдалы және тиімді екенін атап өтті, стендтік сессия барысында өзекті және құнды ақпараттар алғанын, деңгейлік курстар бағдармаларының 7 модулін қолдану бойынша тәжірибелермен алмасқаны туралы айтты. Bilimal.kz порталындағы «Сәтбаев мұғалімдерінің желілік қоғамдастығы» парақшасында өткізілген инновациялық идеялар сайысының қорытындысы шығарылды. Сайысқа қатысқан 68 мұғалімнің 22-сі үздік жұмысы үшін марапатталды. Сонымен қатар осы сайысқа белсене қатысқан мектептердің желілік қоғамдастықтары атап өтілді, олар С.Сейфуллин атындағы гимназия, №4 мектеп-лицей, №15,16.25 мектептер.