Размер шрифта:
«Жас музыкант» облыстық байқауы
29-04-2025 19:30
«Жас музыкант» облыстық байқауы

 2025 жылдың 29 сәуірінде «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшылығымен «Мұғалім болу – мақтаныш!» педагогикалық сынып бейіндік жобасы аясында  «Жас музыкант» облыстық байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырудың басты мақсаты - мектеп білім алушыларында мақсатты кәсіптік-педагогикалық бағдарын, педагогикалық қызметке тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру, жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау, қолдау және дамыту.

  Байқауға колледжге бекітілген Қарағанды облысының мектептерінен 14 оқушы қатысты. 

Байқау төрт номинация бойынша өтті.

Құзыретті қазылар алқасы жұмысының қорытындысында әр номинация бойынша жеңімпаздар аңықталды:

«Аспаптық жанр» номинациясы бойынша:

1 орын – Садық Інжу, Осакаров ауданынан«Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі» КММ, жетекшісі Кызыр Ж.;

2 орын – Жаннұр Балташ, Қарағанды қ., «С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ, жетекшісі Атыгулова Д.М.; 

3 орын - Капинус Трофим, «Ғ.Мустафин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ,жетекшісі Кенжетаева Г.М.

«Кез-келген музыкалық аспапта өз сүйемелдеуімен ән айту» номинациясы бойынша:

1 орын – Қабдраш Аружан, Қарағанды қ., «Әл-Фараби мектеп-гимназиясы» КММ, жетекшісі Искакова С.Е.;

2 орын – Әнуарбек Тұмарым, Бұқар жырау ауданы «Көкпекті жалпы білім беретін мектебі» КММ, жетекшісі Адамбекова С.С.;

 «Минус»-пен ән айту» номинациясы бойынша:

1 орын – Қараул Медина, Қарағанды қ., «С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ, жетекшісі Атыгулова Д.М.;

2 орын – Шакирова Алтынай, Қарағанды қ. «№3 мектеп гимназиясы» КММ, жетекшісі Киселева Н.А.;

3 орын -  Ақберген Бибінұр, Осакаров ауданынан«Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі» КММ, жетекшісі Кызыр Ж.

а, капелла (сүйемелдеусіз ән айту)номинациясы бойынша:

3 орын - Серікбаева Алуа, Осакаров ауданынан«Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі» КММ, жетекшісі Кызыр Ж.

Жеңімпаздар «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК дипломдарымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.