Размер шрифта:
«JasSkills 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
06-05-2025 12:21
«JasSkills 2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2025 жылдың ақпанымен – сәуіріаралығында облыстың 13 колледжі базасында сұранысқа ие құзыреттер бойынша Қарағанды облысы мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында «JasSkills 2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты өтті:

2025 жылғы 21 ақпанда «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК базасында:

- «Веб-дизайн және әзірлеу»,

- «Графикалық дизайн»,

- «Инженерлік графика СAD»,

- «Зертханалық және химиялық талдау»,

- «Жеңіл автомобильдерді жӛндеу және қызмет кӛрсету»,

- «Желі және жүйелік әкімшілендіру»,

- «Слесарлық жұмыс»,

- «Конвертерде болат балқытушы»,

- «Құрғақ құрылыс және сылау жұмыстары»,

- «СББ станоктарындағы токарлық жұмыстар»,

- «Электрмонтаждау жұмыстары».

2025 жылғы 1 сәуірде «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында:

- «Кондитерлік іс»,

- «Мейрамхана сервисі»,

- «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»,

- «Жол-құрылыс машиналарының машинисі».

2025 жылғы 16-18 сәуір аралығында «Шет агротехникалық колледжі» КМҚК базасында:

- «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»,

- «Слесарлық ісі»,

- «СAD инженерлік графикасы»,

- «Дәнекерлеу технологиялары»,

- «Ветеринария»,

- «Ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу және пайдалану».

2025 жылғы 17 сәуірде «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК базасында:

- «Ветеринария»,

- «Агрономия»,

- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру»,

- «Тамақтануды ұйымдастыру».

2025 жылғы 17 сәуірде «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында:

- «Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу»,

- «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету»,

- «Электроника».

2025 жылғы 23 сәуірде «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК базасында:

- «Бастауыш сыныптарда оқыту»

2025 жылғы 24 сәуірде «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК базасында:

- «Web-дизайн және әзірлеу»,

- «Графикалық дизайн»,

- «Шаштараз өнері».

2025 жылғы 25 сәуірде «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК базасында:

- «Аспаз іс»,

- «Наубайхана шеберлігі»,

- «Кондитерлік іс».

2025 жылғы 25 сәуірде «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК базасында:

- «Шанақты жөндеу»,

- «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету».

2025 жылғы 29 сәуірде «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК базасында:

- «Шаштараз өнері»,

- «Сән технологиясы»,

- «Электроника».

2025 жылғы 29 сәуірде «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ базасында:

- «Дәнекерлеу ісі»,

- «Электрмонтаж»,

- «Слесарлық-жөндеу жұмыстары»,

- «Металлургия»,

- «Құю ісі». 

2025 жылғы 30 сәуірде «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ базасында:

- «Мобильді робототехника»,

- «Мобильді қосымшаларды әзірлеу».

2025 жылғы 30 сәуірде «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК базасында:

- «Визуалды сауда және витринистика»,

- «Кескіндеме және сәндік жұмыстар»,

- «Керамика»,

- «Флористика».

«JasSkills» чемпионатының негізгі миссиясы - оқушыларға тез өзгеретін әлемде саналы түрде мамандық таңдауға, білім беру траекториясын анықтауға және болашақта еңбек нарығында өз орнын еш қиындықсыз табуға мүмкіндік беру.

Чемпионатқа Қарағанды облысының 100-ден астам мектебінен 9 сыныптың 303 оқушысы қатысты.

Тәуелсіз сарапшылар ретінде Қарағанды облысының жетекші кәсіпорындарының өкілдері шақырылды.

Байқау соңында барлық қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар – 1, 2, 3 орын үшін дипломдармен және медальдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.