Размер шрифта:
Академик Е.А.Бөкетовтің 100 жылдық мерей тойына арналған «Білім мен табысқа бастар жол» облыстық педагогикалық Құрылтай
02-05-2025 11:03
Академик Е.А.Бөкетовтің 100 жылдық мерей тойына арналған «Білім мен табысқа бастар жол» облыстық педагогикалық Құрылтай

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша 2025 жылдың 2 мамыр күні Академик Е.А.Бөкетовтің 100 жылдық мерей тойына арналған «Білім мен табысқа бастар жол» облыстық педагогикалық Құрылтайы өтті.

Бұл іс-шара «Академик Е.А.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ және Шахтинск қаласының «Евней Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ қатысуымен ұйымдастырылды.

Құрылтайдың мақсаты: Академик Евней Арстанұлы Бөкетов мұрасы аясында ғылыми-әдістемелік тәжірибе алмасу және білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға жағдай жасау.

Құрылтайдың құрметті қонақтары қатарында Бөкетова Нұрсұлу Ибраевна, Қонтаев Сабит Сеитович, Абдикерова Бакиткул Химальдиновна болды.

Құрылтай жұмысының І кезеңі7 алаңда ұйымдастырылды:

-         «Жас зерттеушілер» жобалық жұмыстары;

-          «Бөкетовтің ізбасарларымыз» пікірсайыс клубының отырысы;

-         Ұстаздарға арналған интербелсенді ойын «Е.А.Бөкетов – білім мен жаңашылдықтың негізін қалаушы»;

-         «Тиімді оқыту практикасы» педагогтерге арналған шеберлік сабақтар;

-         Әдеби-музыкалық композиция «Бөкетов: шабыт жолы»; «Ғалым Е.А.Бөкетов - көркем сөздің зергері», «Әжемнің аялы алақаны Е.А. Бөкетовтың балалық шағы» тақырыбында сахналық қойылымдар;

-         Фотокөрме «Ғалымның жолы», «Біз Бөкетовтің ізбасарларымыз» инсталляциясы, «Даму әлемі» суреттер мен жобалар көрмесі;

-          «Букетов – ғылым мен білім қайраткері» атауымен жас мұғалімдерге арналған Tedx конференция;

Құрылтай жұмысының ІІ кезеңі:«Е.А.Бөкетов – білім мен табысқа бастар жол» пленарлық отырысымен жалғасты. Пленарлық отырыс барысында Академик Е.А.Бөкетовтің есімімен аталғанына 25 жыл өткен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы ЖББМ» КММ директоры Бекова Динара Есмуратовна мектептің жұмысына шолу жасап, жетістіктерімен бөлісті. Шахтинск қаласының «Евней Букетов атындағы ЖББМ» КММ директоры Адырбаева Марина Юрьевна өз мектебі туралы бейне-фильм ұсынды.

Құрылтайдың соңында мектеп білім алушыларының әдеби-музыкалық композициясы тамашаланды. (концерттік бағдарлама)

Іс-шараны Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Тукбаева Зауре Исенгельдиновна қорытындылады.

Құрылтай жоғары әдістемелік және ұйымдастырушылық деңгейде өтті.