«AdalWay. Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы» үгіт-насихат бригадалары және театрлық қойылымдар облыстық байқауы
06-05-2025 13:00
«AdalWay. Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы» үгіт-насихат бригадалары және театрлық қойылымдар облыстық байқауы

      2025 жылдың 6 мамырында Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «AdalWay. Құқықтық мәдениет – тұлға құндылығы» үгіт-насихат бригадалары және театрлық қойылымдар облыстық байқауының ақтық кезеңі өтті.

      Байқау Қарағанды облысы прокуратурасының тапсырысы бойынша «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету шеңберінде өткізілді және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрмет білдіріп әділ болуға шақыру мақсатында өткізілді.

Облыстың әр түкпірінен 14 команда финалға жолдама алып, құқықтық мәдениетті насихаттауда өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Қазылар алқасы құрамында заң саласының мамандары мен театр актерлері болды. Олар әр қойылымды мазмұны, сахналық шеберлік және құқықтық тақырыпты ашуы бойынша бағалады. Байқау – оқушылардың заңға деген жауапкершілігін арттырып, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болды.

ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бас жүлде- Осакаров ауданының Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық);

І орын- Теміртау қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі;

ІІ орын- Нұра ауданының Байтуған жалпы білім беретін мектебі, Абай ауданының Н.Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық);

ІІІ орын- Шет ауданының Ақжал негізгі орта мектебі, «Дарын» ММЛИ, «№2 арнайы мектеп-интернаты» КММ.

«Жасөспірімдердің қылмысы проблемасын терең ашқаны үшін»номинациясы бойынша Шахтинск қаласының Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицей;

       «Құқықтық тәртіп тақырыбына өзіндік көзқарас»номинациясы бойынша Қарағанды қаласының  Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі;

«Үздік сценарий»номинациясы бойынша Теміртау қаласының  №  31 жалпы білім беретін мектебі.

Байқаудың қалған қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.