«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасы
06-05-2025 16:52
 «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасы

      2025 жылдың 06 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері, жалпы орты білім беру мектептерінің  9-11 сынып оқушылары және қала, облыс аймақтарындағы жас ақындар арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына, Қарағанды қаласының Құрметті азаматы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Әбілқас Сағыновтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасы өтті.

Мүшәйра «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы» жобалары және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді.

Мақсаты: ұлттық мұраны, рухани-мәдени құндылықтарды жаңғыртудың маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы оларды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдангерлер ерлігін жырлау арқылы тарихи сананы жаңғырту, ғылымға ғұмырын арнаған тұлға академик Әбілқас Сағыновтың тағылымды өмір жолы мен қайраткерлігі, еліне сіңірген еңбегін насихаттау.

Байқаудың ашылу салтанатында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Басқарма мүшесі,  Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қатысушылар:

  1. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған өлеңдер;
  2.  Әбілқас Сағыновтың 110 жылдығына арналған өлеңдер;
  3. 2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылына арналған өлеңдерімен сайысқа түсті.

Байқауға барлығы 17 өтінім қабылданды,  оның 11 негізгі кезеңге жолдама алды. 

Тәуелсіз қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды:

Бас жүлде- Ахмет Кәусар Жасұланқызы, «№65 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы,  жетекшісі Абишева Лаззат Жоланбаевна;

І орын- Картенбай Әлия Жеңісбекқызы,«Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті,  жетекшісі Абильмажин Айдын Аманжолович;

ІІ орын- Амангелді Аида Асқатқызы, «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ студенті  жетекшісі  Иманбек Қайрат Берікболұлы;

ІІІ орын- Мусиралиева Айзад Еркиновна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі  Есбенбетова Айнур Калдыбековна.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының дипломдарымен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің атынан кубоктар және арнайы сыйлықтар табысталды.