Размер шрифта:
Семинар «Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытудың негізгі нысаны ретінде: педагогикалық диалог»
12-05-2025 16:12
Семинар «Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытудың негізгі нысаны ретінде: педагогикалық диалог»

      Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Бұқар жырау аудандық білім бөлімі 2025 жылдың 12 мамырында Бұқар жырау ауданының Доскей аулындағы «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ Құзіреттілік Орталығы базасында облыстық «Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамытудың негізгі нысаны ретінде: педагогикалық диалог» тақырыбында семинар өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты нысаналы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс әдіс-тәсілдерін ұсыну арқылы тәжірибе алмасу болды.

Қарағанды облысының 100-ден астам семинарға қатысушылары, мектеп басшылары, директорлардың орынбасарлары, құзыреттілік орталықтарының, өсу нүктелерінің, нысаналы мектептердің, мамандандырылған мектеп-интернаттарының педагогтары тек тәжірибе алмасып қана қоймай, өздерінің оқу-тәрбие тәжірибелерін жақсарту үшін тиімді жұмыс әдістері, формалары мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік алды.

Семинар барысында «Ықшам сабақ» түрінде 15 сабақ өткізілді, онда сабақтың белгілі бір бөлігі көрсетілді. Берілген формадағы сабақтарды өткізудің тиімділігі ретінде Құзіреттілік орталығы мектептері мен нысаналы мектептердің зерттеуші-педагогтары мен сарапшы-педагогтары бірлесіп ҚМЖ әзірлеуін айтуға болады. Сабақтарды Бұқар жырау ауданының нысаналы мектеп мұғалімдері өткізді. Мұғалімдер оқытудың заманауи формалары мен әдістерін: сандық білім беру платформаларын пайдалану, жобалау және кейс-әдістемелер, геймификация және сыни ойлау элементтерін көрсетті. Әрбір сабақ оқушыларды белсенді танымдық қызметке тартудың және олардың негізгі құзыреттіліктерін дамытудың үлгісі болды.

 «Біртұтас тәрбие» бірыңғай бағдарламасын іске асыруға бағытталған «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебі» қызметтерінің көрсетілімі, оқушылар жетістіктерінің көрмесі, мектептердің жыл бойы істеген жұмыс қорытындылары бойынша мектептердің постерлік сессиядағы стендтік көрмесі, театрландырылған концерттік бағдарламасы оқу-тәрбие жұмысында, балалардың қолданбалы дағдыларын дамытудың маңыздылығын көрсетті.

Семинардың бір ерекшелігі қатысушыларға Қарағанды облысының мамандандырылған «Мұрагер» КММ, «Н. Нұрмақов атындағы мектеп-интернаты» КММ, «№1 «Білім-инновация» лицей-интернат» КММ лицей-интернаттары, «Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі» ДББҰ спикерлері 5 оқыту шеберлік сабақтарында заманауи білім берудің тиімді тәсілдерін көрсетілуі болды. Бұнда оқушыларды олимпиадаларға дайындау әдістері, сабақтарда критериалды бағалау ерекшеліктері, уәждемеден рефлексияға дейінгі сабақ алгоритмдері, білім беру сапасын басқару құралы ретінде мектеп ішіндегі бақылауды ұйымдастыру көрсетілді.

Семинар қорытындысы бойынша жасалған кері байланыс педагогикалық қоғамдастықтың білім беруді дамыту үдерісіне жоғары деңгейде тартылғанын көрсетті, қатысушылар іс-шараның практикалық бағытын, құнды тәжірибе алмасу және жаңа кәсіби жетістіктерге шабыт беру мүмкіндігін атап өтті. Семинар қорытындысы бойынша нысаналы мектептерді одан әрі дамыту үшін ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ оқушылардың білім сапасын арттыру бойынша жаңа стратегиялық бағыттар айқындалды.