Размер шрифта:
«943-ЕЛІМІЗДІҢ МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР
13-05-2025 17:06
 «943-ЕЛІМІЗДІҢ МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА СЕМИНАР

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 13 мамыры күні мақсатты мектеп директорларына және директордың орынбасарларына арналған семинар өткізілді.

Семинар барысында2025 жылдың 27-30 сәуір аралығында Жетісу, Павлодар облыстарында өткізілген «Жобалық кеңсе әдіскерлеріне арналған тәжірибе алмасу және қысқа мерзімді тағылымдама» атты республикалық семинар бойынша жобалық кеңсе әдіскерлері Сулейманова Г.О. және Тукбаева З.И. алған іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Мақсаты: «943-еліміздің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында Жобалық кеңселердің мақсатты мектептермен жұмыс тиімділігін арттыру, өзара үздік тәжірибелермен алмасу және әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін нығайту.

Семинарда:

  • Нысаналы мектептерге арналған әдістемелік сүйемелдеу алгоритмі;
  • Ұжымда тиімді өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
  • Қызметкерлерді кәсіби дамыту жүйесі (жеке даму жоспарлары, оқыту және біліктілігін арттыру бағдарламалары, тәлімгерлік, кеңсе ішінде тәжірибе алмасу);
  • Оқытудың практикалық әдістері арқылы педагогтердің пәндік құзыреттілігін жетілдіру;
  • Оқыту сапасын жақсартуда жобалардың тиімділігі;
  • Мектеп қызметінің сапасын басқару,кері байланысты ұйымдастыру, мектептерде ішкі және сыртқы бағалауды жүргізу ерекшеліктері және мектептің даму стратегиясындағы ата-аналардың рөлі туралы талқыланды және де топтық жұмыстарда пікірталас алаңы ұйымдастырылып, кері байланыс алынды.

Қатысушылар саны: 55