Размер шрифта:
«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде облыс колледждері педагогтерінің интеграцияланған шеберлік сыныптарын көрсету
15-05-2025 17:11
«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде облыс колледждері педагогтерінің интеграцияланған шеберлік сыныптарын көрсету

      2025 жылдың 15 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды теміржол колледжінің базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагогтері мен жас мамандарының қатысуымен өзекті тақырыптар бойынша мастер-класстары өткізілді.

Іс-шара «Педагогтердің кәсіби дамуы» бағыты бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес педагогикалық ынтымақтастық дағдыларын дамыту, «тәлімгер-жас педагог» жағдайында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Іс-шараны «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК директоры Магрупбеков Е.Е., «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Кнашина А.А. алғы сөзбен және баяндамаларымен ашты.

Әрі қарай, бағдарламаға сәйкес, колледж педагогтерінің тақырыптар бойынша интеграцияланған шеберлік сыныптары көрсетілді:

  • «Заманауи технологияларды пайдалана отырып, жұмысшы кәсіптерін оқытудың тиімділігін арттыру», Толеуханова И.Р., арнайы пәндер оқытушысы; Дюсембекова Д.З., өндірістік оқыту шебері;
  • «Темір жол саласының арнайы пәндерін зерделеу кезінде жасанды интеллект түрлерін пайдалану», Арынғазы Г., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, арнайы пәндер оқытушысы; Бақытжан Б., өндірістік оқыту шебері;
  • «WorldSkills чемпионатына студенттерді дайындау ерекшеліктері», Аширбеков К.А., арнайы пәндер оқытушысы; Карибаева А.С., өндірістік оқыту шебері;
  • «Электр тізбектерін қосу және есептеулер жүргізу кезінде заманауи технологияларды қолдану», Алибекова К.А., физики пәнінің оқытушысы; Серіков Т.А., өндірістік оқыту шебері.

Негізгі бөлімнен кейін колледждің құзыреттік орталығына экскурсия өткізілді.

Іс-шара соңында рефлексия жүргізіліп, қорытындылар шығарылып, ұсыныстар берілді.

Іс-шараға облыс колледждерінің 27 педагогы қатысты.