«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және бастауыш білімнің сабақтастығы: жүйелі көшу және тиімді бейімделу тетіктері» республикалық практикалық семинар
15-05-2025 17:29
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және бастауыш білімнің сабақтастығы: жүйелі көшу және тиімді бейімделу тетіктері» республикалық практикалық семинар

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті жоспарына сәйкес, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Балаларды ерте дамыту институты Қарағанды облысы білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 15 мамырында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың және бастауыш білімнің сабақтастығы: жүйелі көшу және тиімді бейімделу тетіктері» тақырыбында республикалық практикалық семнар болып өтті.

Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету бойынша тәжірибе алмасу Республикамыздың 9 облысынан 170 ке тарта педагог қатысып, тәжірибе алмасты.

Семинар аясында «Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицей» КММ және «Балақай» бөбекжайы КМҚК базасында біріктірілген сабақтар мен оқу қызметі көрсетілді. «А.Ермеков атындағы мектеп-лицейі» КММ базасында педагогикалық көрмесі ұйымдастырылып, педагогтер кейс-сессиялар өткізілді. Qtalks форматындағы пікірталас алаңы, дөңгелек үстел,  «Балабақшадан мектепке: бірге табысқа» әдістемелік квесті өтті.  

        Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің бас сарапшылары Есжанова Гүлназ Мылтықбаевна мен Андыбаева Манап Сагаткановнаның қатысуымен өткен пленарлық отырыста мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы, мектептің, балабақша мен отбасының өзара байланысын ұйымдастыру перспективалары талқыланады.