Размер шрифта:
Отбасы күніне арналған «Отбасы бақыт мекені» дөңгелек үстел
15-05-2025 15:25
Отбасы күніне арналған «Отбасы бақыт мекені» дөңгелек үстел

      2025 жылдың 15 мамырында халықаралық Отбасы күніне орай Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығы «Даналық мектебі» жобасы аясында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс –шараға  Абай, Бұхар жырау аудандарының  Қарағанды, Шахтинск, Балқаш, Приозерск қалаларының жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің «Даналық мектебі» жобасының  жетекшілері мен мүшелері қатысты.

Аталмыш іс-шара барысында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік  орталығының басшысы Б.Х.Абдикерова алғы сөз сөйлеп, ата-аналар «Даналық мектебі» жобасы аясында атқарылған жұмыстарының бала тәрбиесіндегі маңызы мен нәтижесін айтып ойларын ортаға салды. Сонымен  қатар әжелеріміз ұлттық құндылықтар арқылы бала тәрбиелеуге қатысты ұстаздар мен ата-аналарға ақыл кеңестерін білдірді.