ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
16-05-2025 15:20
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ

      16 мамырда Қарағанды қаласы педагогтерінің инклюзивті білім беру бойынша іс-тәжірибені жинақтау және тарату бойынша облыстық семинар өткізілді. Іс-шараға білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, балабақшалардың, жалпы білім беретін мектептердің және қосымша білім беру педагогтері (барлығы 130 адам) қатысты.

Бүгінгі таңда Қарағанды қаласы бойынша мектептердің 82%, балабақшалардың 30% инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған. Оларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен - ерекше білім беруді қажет ететін 1013, мектепте - 1411 бала қамтылған. Оның ішінде балалардың 184 немесе 14%-ы қосымша білім беруге (үйірмелер, секцияларға) жұмылдырылған.  

Іс-шара аясында «Алмагүл» бөбекжай-бақшасы» КМҚК, «№25 жалпы білім беретін мектеп» КММ, «Кәусар «Оқушылар сарайы» КММ базасында секциялар жұмысы ұйымдастырылды, онда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мамандарының, қосымша білім беру педагогтерінің үздік тәжірибелері ұсынылды. Қонақтар балалар шығармашылығы көрмесінен және балалар өлең оқып, ән айтып, би билеп, қазақ халық ертегілерін сахналаған үлкен концерттік бағдарламадан көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.

Семинар-практикум кәсіби дағдыларды дамыту үшін ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеу тәжірибесі мен білім алмасудың өзектілігін атап өткен педагогтердің белсенділігі мен қызығушылығының жоғары деңгейңде өтті.