2016 жылдың 29 сәуірінде Абай ауданының «Дамуында мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған «Бөбек» арнайы балабақшасы» базасында «Педагог-бала-ата-ана үштігінің бірлескен жұмысы» атты семинар өтті.
Семинарда көру қабілеті, сөйлеу қабілеті бұзылған балалармен және олардың ата-аналармен бірлескен кіріктірілген сабақтар, логопедиялық-түзету сабағы, психологиялық-педагогикалық конақ бөлме көрсетілді. Барлық сабақтарда инновациялық технологиялар, интерактивті құралдар, дамытушы ойындар, техникалық құралдар қолданылды. Семинардың екінші жартысында балабақшаның педагогтары «Түрлі түстілер палитрасы», «Білімпаздар клубы», «Қуыршақтерапиясы» атты презентацияларын ұсынды. Шаралардың барлығына балалардың ата-аналары белсене қатысты, олар сұрақтар қойды, ойындарға қатысты, педагогтардың тапсырмаларын орындады. Семинарға облыстың мектепке дейінгі мекемелерінен 53 әдіскер қатысты.