Размер шрифта:
«ЦИФРЛЫҚ МҰҒАЛІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ
16-05-2025 15:29
«ЦИФРЛЫҚ МҰҒАЛІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 16 мамырында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан үлгерімі төмен білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді. Ақтоғай ауданының педагогтары әлеуметтік осал отбасылардан шыққан білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жетістіктерінің мониторингі арқылы үлгерімі төмен білім алушылардың тізімі іріктелді. Жасанды интеллект пен цифрлық ресурстарды қашықтан пайдалана отырып, қосымша сабақтар өткізетін педагогтар тағайындалды және бекітілді. Желі барысында Қарағанды қаласының тарих пәнінің жетекші мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті: Алибаева Гульназира Ферзаткызы, «Ж.Кеңесбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, тарих пәніні мұғалімі.

Манас Серік Базарбекұлы, «Қошқар тірек мектебі (РО)» КММ, тарих пәніні мұғалімі функционалдық сауаттылыққа бағытталған білім алушылармен жұмыстың тиімді нысандарын көрсетті.

Қамту 100 адамды құрады.