«Кедергілерді еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары» атты облыстық конференциясының №6 пікірталас алаңы «Ата-аналар мен қоғамның білім беру процесіндегі рөлі»
21-05-2025 17:56
«Кедергілерді еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары» атты облыстық конференциясының №6 пікірталас алаңы «Ата-аналар мен қоғамның білім беру процесіндегі рөлі»

      2025 жылғы 21 мамырда оқу-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен мектеп, отбасы және қоғам арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды нығайту арқылы балаларды тәрбиелеу мен оқыту тиімділігін арттыру мақсатында педагогтер, ата-аналар және қоғам өкілдері арасында білім беру процесіндегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ашық диалог пен пікір алмасуға жағдай жасау үшін №6 пікірталас алаңы – «Ата-аналар мен қоғамның білім беру процесіндегі рөлі» өз жұмысын өткізді.

Спикерлер:

Ж.А. Бижанова –Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ педагог-психологы;

Эльсиева С.П., Ақбаева Д.Ж. – Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті №6» КММ мамандары;

Кудрявцева Т.В. – басшы, Слющенко А.А. – әдіскер, Сусуева Е.П. – дефектолог-мұғалім, Төленбаева Б.А. – логопед-мұғалім, Қарағанды облысының білім басқармасына қарасты «Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес №2» КММ;

Байшағыр Т.К. – Қарағанды қаласының №2 Балалар өнер мектебінің домбыра және жетіген сыныбының оқытушысы;

Осипова Е.В. –Қарағанды қаласының «Ботақан» шағын орталығы бар №91 жалпы білім беретін мектебі КММ педагог-психологы.