Размер шрифта:
«Кедергілерді еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары» педагогтердін облыстық ғылыми-практикалық конференциясы
22-05-2025 18:10
«Кедергілерді еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары» педагогтердін облыстық ғылыми-практикалық конференциясы

     2025 жылдың 21-22 мамырында Қарағанды облысында «Кедергілерді еңсеру: білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында педагогтердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы кәсіби педагогикалық қоғамдастықты біріктіру, тәжірибе алмасу және білім беру саласындағы өзекті міндеттердің тиімді шешімдерін талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

  Екі күн бойы мұғалімдер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары және кәсіби қоғамдастық өкілдері мектептегі білім сапасына әсер ететін негізгі кедергілерді талқылап, оларды жеңудің практикалық жолдарын іздеді.

 Конференция аясында пікірталас алаңдары, шеберлік сабақтар, әдістемелік сессиялар және интерактивті талқылаулар жұмыс істеді.

Келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

  • оқушылар мен педагогтердің уәждемесі;
  • функционалдық сауаттылықты дамыту;
  • заманауи білім беру технологияларын енгізу;
  • мұғалімдердің эмоционалды әл-ауқаты;
  • тиімді педагогикалық тәжірибені тарату.

   Конференцияға өңірдің түкпір-түкпірінен 500-ден астам педагог, соның ішінде қалалық және ауылдық мектептер, сондай-ақ қосымша және инклюзивті білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.

  Мұндай іс-шараларды өткізу бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға, инновациялық тәсілдерді қолдауға және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал етеді.

  Конференция материалдары электронды жинақта жарияланады және ОӘО сайтында қолжетімді болады.