2025 жылдың 29 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу мәселесі бойынша директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының
жұмыс тобының онлайн-отырысын өткізді.
Отырыс барысында оқу процесін ұйымдастыруға және оқу ісі жөніндегі орынбасарларының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі соңғы өзгерістерді ескере отырып, «Директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған әдістемелік ұсынымдар» жобасының мазмұнын түзету және өзектендіру мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша негізгі қорытындылар шығарылды, сондай-ақ нормативтік актілердің жаңа талаптары жағдайында оқу ісі жөніндегі орынбасарлар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында өзгерістер енгізу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленді.
Отырысқа директорлардың оқу ісі жөніндегі 7 орынбасары және жұмыс тобының құрамына кіретін білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік
орталығының өкілдері қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz


