2025 жылдың 29 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтер мен педагог-психологтар үшін «Денсаулық аумағы - шексіз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ведомствоаралық үйлестіру және алдын алу бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Кирилл Александрович Корниенко қатысты.
Кездесу барысында Қарағанды облысындағы нашақорлық мәселесі және оның алдын алу шаралары талқыланды, тәуелділіктің пайда болу себептері мен тетіктері қарастырылды.
«Денсаулық аумағы – шексіз!» облыстық байқауының, «Бейнеролик» номинациясының жеңімпаздары жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-тәжірибелерімен бөлісті.





umc-ro@umckrg.gov.kz





