2025 жылдың 28 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысының ТжКОБ ұйымдарының студенттері арасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - талантты студенттерді анықтау және қолдау, мамандықты тереңдетіп оқуға ынталандыру.
Олимпиадаға Қарағанды облысының колледждерінен 6 студент қатысты.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең - компьютерлік тестілеу, екінші кезең – ситуациялық-талдамалық тапсырма.
Барлық студенттерді тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Олимпиаданың екі турының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Сорокин Дмитрий, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК, жетекшісіБедарева Елена Станиславовна;
2 орын - Верещагин Дмитрий, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісіГончарова Валентина Владимировна;
3 орын - Гуляев Алишер, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК, жетекшісі Искаков Айдос Сарыбаевич.
Жеңімпаздарға дипломдар, олимпиаданың екінші кезеңіне өткен барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz





