2025 жылдың 29 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды жоғары политехникалық колледжі мен бірлесіп,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында үздік жобаға «Физикада нанотехнологияны қолдану» облыстық байқауының соңғы кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты - облыс колледждерінің ең белсенді және дарынды студенттерін анықтау және қолдау, оларды ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке ынталандыру.
Байқауға 6 жұмыс қатысты.
Байқауға қатысушылар өз жобаларында физикада нанотехнологияны қолданудың жаңа идеяларын ұсынды. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын: Балгожина Назым, Ақмағанбетова Айдана, «Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі» ЖМ студенттері;
2 орын: Қайратқызы Айзат, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» ҚМҚК студенті;
3 орын: Оразхан Әлихан, «Қарағанды көлік- технологиялық колледжі» КМҚК студенті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, қатысушылар сертификаттарымен марапатталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz







