«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер колледж педагогтеріне арналған семинар
04-06-2025 18:34
«Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер колледж педагогтеріне арналған семинар

      2025 жылдың 4 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі «Үздік педагог» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысуға үміткер облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған семинар өткізді.

Семинар барысында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Кнашина Айнур Ахатовна педагогтерді «Үздік педагог» атағын беру қағидаларымен, «Үздік педагог» атағын беруге үміткердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштерімен, платформада портфолионы толтыру барысында жиі жіберілетін типтік қателермен таныстырып, ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Отырысқа облыс колледждерінің 32 педагогы қатысты.