2025 жылдың 30 мамырында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен Қарағанды жоғары политехникалық колледжіколледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде «Педагогикалық және әдістемелік идеялардың калейдоскопы» тақырыбындағы семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты: шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті және педагогикалық менеджментті дамытуға бағытталған өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.
Бағдарламаға сәйкес Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің жетекші педагогтерікелесі тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерін ұсынды:
- «Педагогикалық тәжірибені тарату нысандары», Тусупова А.Т., директордың ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары;
- «Интерактивті оқыту әдістері және құрылыс пәндерін оқытудағы жасанды интеллект», Караманова А.А., арнайы пәндер оқытушысы;
- «ТЖ кезінде мониторинг және әрекет ету үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен жердегі роботтарды интеграциялау», Тетай Ұ.Е., арнайы пәндер оқытушысы;
- «Autodesk Inventor-да 3D-модельдеу арқылы кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру», Бейсенбекова Г.Т., арнайы пәндер оқытушысы;
- «Қазақстан тарихын оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану», Абдрахманова Қ.Ж., тарих пәнінің оқытушысы;
- «Болашақ ТЖ мамандарын кәсіби даярлауда қолданбалы спорт түрлерін қолданудың педагогикалық тиімділігі», Кантеев А.К., арнайы пәндер оқытушысы;
- «Физика пәнінен орындалатын зертханалық және тәжірибелік жумыстарға арналған әдістемелік ұсынымдар», Жилхайдаров Е.К., физика пәнінің оқытушысы;
- «Студенттердің оқу-жаттығу процесінің тиімділігін арттырудағы биоритмдердің маңызы мен рөлі», Кореньков В.А., арнайы пәндер оқытушысы;
- «Пікір-сайыс арқылы студенттердің бойында коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру», Камбаров Н.А., география пәнінің оқытушысы;
- «Орыс әдебиеті пәнін оқытуда көркем шығарманы зерттеудің өнімді алгоритмі ретінде жасанды интеллект пен АКТ енгізу», Шилин А.Г., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
ZOOM платформасында өткізілген семинарға облыс колледждерінің 45 педагогы қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz









