Размер шрифта:
Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасым менің - мерейім» облыстық студенттік байқауы
29-05-2025 18:47
Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасым менің - мерейім» облыстық студенттік байқауы

      2025 жылдың 29 мамырында Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және Қарағанды цифрлық технологиялар және дизайн колледжінің ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында Халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасым менің - мерейім» облыстық студенттік байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: отбасы институтын нығайтуға бағытталған жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту; студенттік ортада дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қалыптастыру.

Байқауға Қарағанды облысының 11 колледжінен 21 студент қатысты.  Байқау «Атадан – өсиет, анадан - қасиет», «Бақытын еңбектен тапқан» номинациялары бойынша өтті. 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Атадан – өсиет, анадан - қасиет» номинациясы бойынша:

І орын -Жанатов Нұрым Кайырович, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»  ЖММ  студенті;

ІІ орын - Касенова Айзада, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Серикбаева Нұрай Ыбырайқызы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі»  ЖММ  студенті.

«Бақытын еңбектен тапқан» номинацияса бойынша: 

І орын - Еркін Мұхаммед Орынбасарұлы, «Қазіргі заманғы көпсалалы колледж» ЖММ студенті;

ІІ орын - Еркебулан Тамирлан Русланұлы, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК студенті;

ІІІ орын - Цепелева Диана, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті.

Байқау жеңімпаздары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломымен марапатталды, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.