2025 жылдың 29 мамырында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарыныңпедагог қызметкерлеріне арналған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша облыстық семинары өтті.
Мақсаты: деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалының алдын алу мәселелері бойынша педагогтердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру.
Семинар аясында келесі тақырыптар қарастырылды:«Мейірім және қайырымдылық: қазақ дәстүріндегі рухани сабақтастық» академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторыМанасова Мира Манасқызы, «Деструктивті діни белгілері бар отбасында баланы тәрбиелеу» «Senim рационалды психология орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Қарағанды облыстық «AMANAT» партиясы филиалы жанындағы Әйелдер қанатының «Отбасыға медиативтік және психологиялық қолдау көрсету орталығының» ҚБ жетекшісі» Отыншина Гүлмира Сайдынқызы, «Жастар арасында терроризм мен экстремизм идеологиясының алдын алу мақсатында колледждегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру» «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыСоболева Юлия Вячеславовна, спикер ретінде қатысып, баяндама жасады, іс-тәжірибелерімен бөлісті. жастардың діни сезімдерінің радикалануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдарын талқылады.
Семинарға қатысушылар мол ақпараттарға қанығып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды. Семинарға барлығы 55 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





