Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Радуга идей» бейнесабақтар байқауының қорытындысын шығарды. Байқау орыс тілі мен әдебиеті, шет тілдері мұғалімдерінің кәсіби өсуін ынталандыру және әдістемелік шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Байқауға 43 орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі мұғалімдері қатысты. Мұғалімдерге оқу бағдарламасының күрделі тақырыптары бойынша онлайн оқыту сабағын дайындау қажет болды. Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланды: материалдың сабақтың жарияланған тақырыбына сәйкестігі; сабақтың тақырыбын ашудың толықтығы, мұғалімнің сабақ мақсаттарына жетуі; оқытудың белсенді әдістері-тәсілдерін қолдану; инновациялық технологияларды пайдалану; түсіру сапасы мен рәсімделуі; өзіндік ерекшелігі; шығармашылық даралықтың көрінісі; материалды кеңінен қолдану мүмкіндігі.
Келесі мұғалімдер байқаудың жеңімпаздары атанды:
I орын– Умбетова Тлеукуль Есентаевна, Балқаш қ. «Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
I орын– Ермағамбетова Аяулым Туреханқызы, Приозерск қ. «№ 2 ЖББМ»КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
I орын– Дяденко Надежда Александровна, Шахтинск қ. «№ 4 ЖББМ»КММ шетел тілі мұғалімі;
II орын – Тусупова Гульдарья Айкеновна, Шет ауданының «Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
II орын– Фефелова Марина Викторовна, Шахтинск қ. «№ 6 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
II орын– Тлеуқұлова Әсем Ерланқызы, Шет ауданының «Ж.Ақылбаев атындағы гимназиясы»КММ шетел тілі мұғалімі;
III орын– Мейрманова Ботагоз Олжабаевна, Қарағанды облысының «Білім - инновация» лицей - интернаты» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
III орын– Колерова Анастасия Александровна, Теміртау қ. «№ 21 ЖББМ»КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
III орын– Гагарин Данил Владиславович, Қарағанды қ. «№ 16 ЖББМ»КММ шетел тілі мұғалімі;
Алғыс хаттар келесі мұғалімдерге табысталады:
Мухитова Евгения Юрьевна, Балқаш қ. «№ 3 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Тулепбергенова Ақдидар Бауыржанқызы, Шет ауданының «Жамбы Ақылбаев атындағы мектеп- гимназиясы» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі;
Шестова Дарья Владимировна, Балқаш қ. «№ 3 ЖББМ»КММ шетел тілі мұғалімі;
Шветкая Елена Ивановна, Қарағанды қ. «№ 15 ЖББМ»КММ шетел тілі мұғалімі;
Тулеубекова Жангуль Турсынбековна, Қарағанды қ. «Ә.Ермеков атындағы мектеп-лицейі»КММ шетел тілі мұғалімі;
Тимофеева Людмила Евгеньевна, Шахтинск қ. «Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы»КММ шетел тілі мұғалімі;
Минеева Любовь Николаевна, Шахтинск қ. «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы»КММ шетел тілі мұғалімі;
Ибажанова Баглан Кайыркеновна, Шет ауданының «Ш.Батталова атындағы тірек мектебі (ТМ)»КММ шетел тілі мұғалімі;
Байқаудың қалған қатысушыларына сертификаттар табысталады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz






