Размер шрифта:
2025 жылдың жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру бойынша «Шуақты жаз – радужное лето» байқауы
20-07-2025 11:53
 Байқау екі  номинация бойынша өткізіледі: 
- «Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іс-шаралармен қамтылуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы мақала»;
- «Жазғы сауықтыру лагерінің бағдарламасы».
  Байқау материалдары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға жеке және шығармашылық топтың құрамында қатысуға болады. Топтағы қатысушылардың саны 3 (үш) адамнан аспайды.
Жұмыстар ұйымдастыру комитетіне электронды түрде ұсынылады. Мақала 2 баспа беттен аспауы тиіс (Times New Roman шрифті, 14 кегль, аралық интервалы - 1,5, теңестіру – ені бойынша).
Автордың (лардың) тегі мен инициалдары, ұйымның атауы, қала/аудан парақтың  ортасына орналастырылуы қажет (Times New Roman шрифті, курсив, 14 кегль).
Мақала атауы (Times New Roman шрифті, қалың, бас әріптермен, 14 кегль) – парақтың ортасында.
       Бағдарламада құрылымдық бөліктер ерекшеленуі тиіс.
Байқау талаптарына сай келмейтін жұмыстар қарастырылмайды. 
Байқау қатысушылары ұйымдастырушылық комитетіне қатысу туралы байқаудың аты жазылған өтінім ұсынады; білім беру ұйымының толық атауы; номинациясы; педагогтің аты-жөні; қызметтік лауазымы; телефоны, эл. поштасы (қосымша 1).
Заңды авторлық құқықтардың бұзылуымен орындалған материалдар қарастырылмайды.
Байқау материалдары «Шуақты жаз – радужное лето» белгісімен ҚО ББД ОӘО 2025 жылдың 11 шілдеден кешіктірілмей  umc-ro@umckrg.gov.kz  электрондық поштасына жіберіледі. Анықтама телефоны: 8(7212) 44-56-14.