Размер шрифта:
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі жас әдіскерлерді оқыту бойынша онлайн семинар
18-06-2025 13:28
«Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі жас әдіскерлерді оқыту бойынша  онлайн семинар

        2025 жылдың 18 маусымында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі «Жас әдіскер мектебі» шеңберіндегі жас әдіскерлерді оқыту бойынша онлайн семинар өткізді.

     Семинар «Soft skills — өзгеріс әлеміндегі педагогтың ең маңызды дағдылары» тақырыбы бойынша, шығармашылық әлеуетті, кәсіби шеберлікті, педагогикалық менеджментті дамытуға және біліктілікті арттыруға, педагогикалық қызметтің нәтижелілігін арттыруға бағытталған өзара байланысты шаралар жүйесі ретінде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мақсатында өтті.

       Семинар барысында бекітілген бағдарламаға сәйкес «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК  педагогтері тыңдаушыларға келесі тақырыптар бойынша  жұмыс тәжірибесін ұсынды:

  • «Soft skills-ті цифрлық дәуірде дамытуға арналған құралдар мен технологиялар», Горбатова Ю.В., педагогика пәнінің оқытушысы; Рыбинцева Н.Ф., арнайы пәндер және информатика пәнінің оқытушысы;
  • «Болашақ маманның цифрлық сауаттылығын дамытуды әдістемелік қолдау: Soft және Нard Skills арасындағы тепе-теңдік»,Тотаева А.Т., арнайы пәндер оқытушысы; Галеева Г.Р., арнайы пәндер оқытушысы; Рыбинцева Н.Ф., аранайы пәндер және информатика пәнінің оқытушысы;
  • «Бүгінгі таңдағы тиімді тәрбиеші: студенттерді сәтті оқыту үшін Soft және Нard Skills-ті дамыту», Седова А.В., ағылшын тілі пәнінің оқытушысы.

      Семинар қорытындысында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімінің әдіскері А.А. Кнашина және колледж әдіскерлерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е. А. Кашина семинар қорытындысын шығарып,  ұсыныстар жасады.

Семинарға  облыс колледждерінің 20 әдіскері қатысты.