2025 жылдың 26 маусымында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің тапсырысына сәйкес Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жекеменшік мектептерінің директорлары, директордың орынбасарлары және педагогтері үшін онлайн форматта «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламысын жүзеге асыру бойынша оқыту семинарын өткізді.
Осыған орай, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы А.Х.Калмагамбетова 2025-2026 оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыруда «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құрылымымен, жүзеге асыру тетіктерімен таныстырып, келешекте №130 бұйрықтың негізінде тәрбие жоспарын әзірлеуі туралы ескертті. Семинардың соңында тренер қатысушылармен пікір алмасты.





umc-ro@umckrg.gov.kz







