Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп 2025 жылдың 18 тамызында Нұра ауданы және Балқаш қаласы білім беру ұйымдарының директорлары мен директорлардың оқу және кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін секциялық отырыс өткізілді: «2025-2026 оқу жылындағы білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері».
Секция жұмысы барысында 2025-2026 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды. Білім беру ұйымдарында мектепішілік бақылауды сапалы ұйымдастыруға баса назар аударылды. Сондай-ақ, оқу жұмыс жоспарын әзірлеу және вариативті компонентті тиімді пайдалану ерекшеліктері талқыланды. Педагог-кәсіптік бағдар берушілердің функционалдық міндеттері, білім алушылардың ерте кәсіптік өзін-өзі анықтауы бойынша жұмысты ұйымдастыру және жұмысшы мамандықтар жылы аясында бейіндік сыныптар құру қарастырылды.
Педагогтерді аттестаттау үдерісін ұйымдастыру, педагогтердің авторлық материалдарын әзірлеу, авторлық әзірлемелер, сабақты талдау және интроспекциялау негізінде педагогикалық тәжірибені тарату алгоритмі қарастырылды. Қатысушыларды «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұнымен, құндылық бағдарларымен және іске асыру тетіктерімен таныстырды.
Психологиялық қолдау орталығының өкілдері орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Рефлексия қорытындылары мұндай кездесулер қажет екенін және кәсіби қоғамдастықты нығайтуға ықпал ететінін, білім беру үдерісіне жаңа идеялар мен әдістемелерді енгізуді ынталандыратынын көрсетті.





umc-ro@umckrg.gov.kz







