Размер шрифта:
Қарағанды облысының білім беру қызметкерлерінің «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбындағы тамыз секциялық отырыстары
18-08-2025 12:13
Қарағанды облысының білім беру қызметкерлерінің «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбындағы тамыз секциялық отырыстары

       2025 жылғы 18-29 тамыз аралығында Қарағанды облысының білім басқармасы Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, облыстың педагогикалық қызметкерлері үшін «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ – КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында тамыз секциялық отырыстарын өткізеді.

      Отырыстардың мақсаты – 2025-2026 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін талқылау, білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерді және оларды шешу жолдарын анықтау.

      18 тамызда Балқаш қаласы мен Нұра ауданының педагогикалық қызметкерлері қатысқан алғашқы кездесу өтті. Іс-шара аясында 23 секция ұйымдастырылды, олардың жұмысына әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, директорлар мен директорлардың оқу, кәсіптік бағдар беру, тәрбие жұмысы, қосымша білім беру жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, география, математика, физика, информатика, химия, биология, дене шынықтыру, алғашқы әскери-технологиялық дайындық, көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері қатысты,, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтар, кітапханашылар және тәлімгерлер.

      Секциялық отырыстар барысында өткен оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға талдау жүргізіліп, жаңа 2025-2026 оқу жылында білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралды, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалды.