2025 жылдың 9 кыркүйегі күні Қарағанды облысы білім басқармасы мен Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Білімді ұлт» жобасын іске асыру аясында семинар-кеңес өткізді. Кеңеске мектеп директорлары мен әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлер мен педагогтер, кітапханашылар қатысты. Семинар-кеңесте қатысушылар «Кітап оқитын мектеп» байқауын өткізу регламентімен, педагогтер мен отбасылық әулеттер арасында өтетін квиз жөнінде ақпаратпен танысты. Байқау көркем және ғылыми-танымал әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықты арттыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатын көздейді. Сонымен бірге «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық байқауының ережесі жөнінде де ақпарат айтылды. Семинар-кеңеске барлығы 400 адам қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz

