Размер шрифта:
«Мұра» жобасы аясында әдістемелік күн
16-09-2025 17:49
«Мұра» жобасы аясында әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен 2025 жылдың 16 қыркүйегінде «Мұра» жобасына қатысушы мектептер үшін әдістемелік күн өткізілді. Жобаның мақсаты: Қазақстанның дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларды зерттеу және насихаттау. Жобаға Қарағанды облысының 13 өңірінен 25 мектеп қатысуда. Әдістемелік күн барысында Қарағанды облысында ББД ОӘО әдіскері Ксения Петровна Цой «Жобаны іске асыру: мақсаттары, міндеттері, жобаның ережесі, нысаналы аудиториясы», «Әлеуметтік желілерді жүргізу», «Өңірлердің жұмыс жоспарларын таныстыру» мәселелерін қарастырды. КГУ «Лицей №2»-нің директоры, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қорлан Жамсапқызы Абзалиева өз мектебінде жобаны іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Шараға Қарағанды облысының «Мұра» жобасына қатысушы мектептерінен 27 педагог қамтылды.