Размер шрифта:
Даму мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беруді қажет ететін мүгедектігі бар жандар арасындағы «Abilympics» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты (Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін)
12-09-2025 17:56
Даму мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беруді  қажет ететін  мүгедектігі бар жандар арасындағы «Abilympics» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты (Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері үшін)

       2025 жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшылығымен «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК базасында Қарағанды облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында даму мүмкіндіктері шектеулі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар мүгедектер үшін үш құзырет бойынша «Abilympics» өңірлік кәсіптік шеберлік чемпионаты өтті: «Былғарыдан жасалған бұйымдар», «Қыш жұмысы» және «Киіз өнері».

Чемпионат халықаралық абилимпиада ойындары мен «WorldSkills Kazakhstan» чемпионатының ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді.

Әрбір құзырет 2 модульден (практикалық тапсырмалардан) тұрды.

Байқауға қатысушыларды Қарағанды облысы колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатарынан сарапшы-компатриоттар, сондай-ақ өндірістен тәуелсіз сарапшылар бағалады.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Былғарыдан жасалған бұйымдар» құзыреті бойынша:

1 орын - Бектаев Жанболат, «Қарағанды техника- құрылыс колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Каирова Зере, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Кульдыбаева Камила, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК студенті.

«Қыш жұмысы» құзыреті бойынша:

1 орын - Сабитова Сандра, «Қарағанды техника- құрылыс колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Давлетова Дана, «Қарағанды техника- құрылыс колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Құтпан Ералы, «Қарағанды техника- құрылыс колледжі» КМҚК студенті.

«Киіз өнері» құзыреті бойынша:

1 орын - Неизвестный Павел, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КМҚК студенті;

2 орын - Шилов Давыд, «Қарағанды техника- құрылыс колледжі» КМҚК студенті;

3 орын - Исатаева Акниет, «Қарағанды техника- құрылыс колледжі» КМҚК студенті.

Өңірлік чемпионаттың жеңімпаздары 2025 жылдың қазан айында Астана қаласында өтетін «Abilympics» ұлттық кәсіби шеберлік чемпионатына біздің облыстан қатысады.

Бұл Чемпионат - инклюзивтілікті нығайтуға және әркім өз әлеуетін аша алатын жағдай жасауға тағы бір қадам.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және қатысушыларды дайындауға, шабыттандыруға және қолдауға көмектескен жандарға ерекше алғыс білдіреміз.