Размер шрифта:
«Білім беруді интеграциялау: бөбекжай мен колледж – бірыңғай даму платформасы»
19-09-2025 11:05
 «Білім беруді интеграциялау: бөбекжай мен колледж – бірыңғай даму платформасы»

      2025 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы «Шаңырақ» бөбекжайында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығы мен «ӨРКЕН» қауымдастығы жас мамандарға арналған облыстық семинар-практикум өткізді. Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарынан балабақша педагогтері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Семинар барысында бөбекжай мен колледж интеграциясының бала дамуына әсері, бағдарламалардың сабақтастығы мен педагогтердің ынтымақтастығы талқыланды. «Педагогикалық идеялар шеберханасында» жасанды интеллект сервистері қолданылып, шығармашылық тапсырмалар орындалды. «Зертханада» мультфильм жасау арқылы балалардың қиялын дамыту тәжірибесі көрсетілді, ал «Бас аспаздар» квестінде геймификация әдістері меңгерілді.
Шара инновациялық тәсілдердің тиімділігін дәлелдеп, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждердің бірлескен жұмысы педагогикалық тәжірибені жетілдіруге, мамандар даярлауға және балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретіні атап өтілді.