2025 жылдың 9 қазанында Қарағанды облысындабілім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы 2026 жылы аттестатталатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-зерттеушілері мен педагог-шеберлеріне арналған «Педагогтың сапалы портфолиосы»оқыту семинарын өткізді.
Семинар 2026 жылы аттестаттау рәсімінен сәтті өту үшін сапалы портфолионы қалыптастыру, құрылымдау және ресімдеу мәселелерінде педагог-зерттеушілер мен педагог-шеберлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ өзін-өзі талдау, рефлексия және кәсіби жетістіктерді таныстыру дағдыларын дамыту мақсатында «Даму» шеберлер мектебі» жобасын іске асыру шеңберіндеөтті.
Бағдарламаға сәйкес, семинардың негізгі бөлімінде «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК білім беру мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің басшысы Мухамедьярова Айгуль Зейнулаевна «Педагог-зерттеуші мен педагог-шебердің тиімді портфолиосын қалыптастыру: тәсілдер, мысалдар, ұсынымдар»тақырыбында сөз сөйлеп, аттестаттау рәсімінен сәтті өту үшін педагогтың сапалы портфолиосын қалыптастыру бойынша толық түсініктеме берді.
Қорытындысында модераторлар рефлексия жүргізді, семинардың қорытындысы шығарылды және ұсыныстар берілді.
Семинарға облыс колледждерінің 100-ден астам педагогықатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz





