Қарағанды облысы колледждеріндегі Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша облыстық семинар-тренинг (Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының облыстық сараптамалық кеңесі ұсынған оқу-әдісте
15-10-2025 18:36
Қарағанды облысы колледждеріндегі Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша облыстық семинар-тренинг (Қарағанды облысының Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының облыстық сараптамалық кеңесі ұсынған оқу-әдісте

      2025 жылғы 15 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысы колледждеріндегі кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты педагогтер үшін жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша облыстық семинар-тренинг өткізді.

Семинардың мақсаты – «Ж.К.Бөкенов атындағы Қарағанды Банк колледжі» ЖМ және «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК жұмысының оң тәжірибесі негізінде Қарағанды облысы колледждері жанындағы Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтары қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды таныстыру, әзірлеуші колледждердің практикалық тәжірибесін ұсыну.

Семинар барысында «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК басшысының орынбасары Нартова Татьяна Георгиевна әдістемелік материалдарды әзірлеу тетігіне колледждердің бәсекеге қабілеттілігін және облыстағы кадрлар даярлау сапасын арттырудың жүйелік құралы ретінде тоқталды. «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері Зубарева Ирина Александровна Қарағанды облысы колледждері жанындағы Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтары қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды құру, келісу және тарату алгоритмімен таныстырды.

«Ж.К. Бөкенов атындағы Қарағанды Банк колледжі» ЖМ директоры Спанова Надия Калиевна кәсіптік бағдар беру менеджері, жұмысқа орналастыру менеджері және мансаптық өсу менеджері жұмысының үлгісінде Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталығы жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі  орынбасары Тусупбеков Аян Амантаевич Жұмыспен қамту және мансаптық өсу орталықтарының қызметін колледж сайты арқылы ұйымдастыру туралы айтып берді.

Семинарға Қарағанды облысы колледждеріндегі кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты 22 педагог қатысты.

Соңындағы белсенді пікір алмасу қатысушылардың көтерілген мәселелерге деген жоғары қызығушылығын растап, оларды одан әрі жұмыс істеуге ынталандырды.

Барлық қатысушыларға белсенділік танытқаны және жаңа тәсілдерді енгізуге дайын болғандары үшін алғысымызды білдіреміз! Алған білімдеріңіз біздің студенттердің кәсіби қалыптасуы үшін барынша тиімді жағдай жасауға және облыстағы кадрлар даярлау сапасын арттыруға көмектеседі деп сенеміз!