Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2025 жылғы 17 қазанда Саран қаласы білім бөлімінің «№ 6 жалпы білім беретін мектебі» КММ биология пәнінің мұғалімі Е.А. Демченко білім беру ұйымдарының педагогтары үшін «Бейне сабақ: сценарийден монтажға дейін» тақырыбында шеберлік сынып өткізді.
Іс-шараның мақсаты-заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып, сапалы бейне сабақтар құруға көмек көрсету. Шебер сынып барысында қатысушыларға:
* бейне сабақ сценарийін әзірлеу кезеңдері;
* түсіру және монтаждау негіздері;
* материалдарды дайындау және безендіру кезінде жасанды интеллектті пайдалану мүмкіндіктері;
* өз бетінше орындау үшін АТ қолдану арқылы оқушыларға тапсырмалар жасау.
Педагогтар оқу процесіне цифрлық сервистер мен технологияларды интеграциялау бойынша практикалық ұсыныстар алды.
Қамту 80 педагогты құрады.





umc-ro@umckrg.gov.kz

