2025 жылғы 17 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы мен Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен 25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне және Жұмысшы мамандықтары жылына арналған «Еңсең биік, тұғырың берік болсын, Тәуелсіз Елім!» атты облыстық студенттік эссе байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – «Адал азамат» бағдарламасы аясында жұмысшы мамандықтарын елдің маңызды ресурсы ретінде насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім, Отанға деген сүйіспеншілік пен Қазақстанның өткені, бүгіні және болашағы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Байқау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының «Шабыт», «Ұшқыр ой алаңы» және «Кітап оқитын ұлт» жобалары аясында өткізілді.
Байқауға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Жалпы 72 жұмыс қабылданды, оның ішінде 36 жұмыс – мемлекеттік тілде, 36 жұмыс – орыс тілінде.
Барлық жұмыстарды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Мемлекеттік тілде:
1 орын - Молдатаиров Дауренбек Рахымжанулы, «№1 колледж» КММстуденті;
2 орын - Тажимуратов Адиль,«Қазіргі заманғы көпсалалы колледж» ЖММ, студенті;
3 орын - Алпысбаев Нурым Думанулы, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті.
Орыс тілінде:
1 орын - Кайратова Аймира Нуртасқызы, ШЖҚ «Балқаш қаласының жоғары медициналық колледжі» КМК студенті;
2 орын-Бушмелев Евгений Александрович, «№1 колледж» КММ студенті;
3орын–Таланкина Злата Анатольевна, «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар табысталды.





umc-ro@umckrg.gov.kz







