Размер шрифта:
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы бойынша
21-10-2025 15:03
«Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өткен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында                          «Өмірге салауатты қадам» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы бойынша

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында2025 жылдың 21 қазаны күні  «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Өмірге салауатты қадам» тақырыбындағы қауіпсіздік сабағы бойынша облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті.

Семинардың мақсаты:

-  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;

-  кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдарын талқылау және тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісу.

Семинар барысында түрлі мотивациялық әдістер (оқыған кітап кейіпкерлерін сахналау, оқырман күнделігі, кітапханамен бірлескен іс-шаралар т.б.) ұсынылды. «АУЫЛ-ҚАЛА» облыстық жобасы бойынша Бұқар жырау ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ кітапханашыларымен бірлесіп  қатысушыларға coworking өткізілді. Ашық тәрбие сағаттары, әдістемелік бағыттағы таныстырулар, шеберлік сабақтары мен қызықты ойындар семинар мазмұнын байыта түсті. Шақырылған қонақтар семинардан айтарлықтай мол тәжірибе алып қайтты.