Размер шрифта:
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған әдістемелік күн
22-10-2025 12:28
Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне арналған әдістемелік күн

22 қазанда әдістемелік кабинет меңгерушілері үшін өзекті мәселелерге арналған әдістемелік күн өтті. Облыстық сараптамалық кеңестің ережесіндегі өзгерістер, сондай-ақ педагогтердің авторлық материалдарын ресімдеуге, мазмұнына және рецензиялауға қойылатын талаптар басты назарда болды. Қатысушылар мектепішілік бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыруды талқылады және проблемалық курстар бойынша сауалнама нәтижелерін талдады. Мұндай кездесулер әдістемелік жұмысты жүйелеуге, сараптама сапасын арттыруға және педагогтерді сүйемелдеудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге ықпал етеді.