Размер шрифта:
«ЦИФРЛЫ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ
23-10-2025 10:42
«ЦИФРЛЫ МҰҒАЛІМ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НЕГІЗІНДЕ НЕТВОРКИНГ

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 23 қазанда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Цифрлық мұғалім» жобасын іске асыру бойынша Қазақстан тарихы мұғалімдеріне онлайн режимде нетворкинг өткізді.

Қарағанды қаласының педагогтары білім алушылар үшін қосымша сабақтарды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктерін ұсынды.

Нетворкинг барысында Қазақстан тарихы, 9-сынып негізінде қиындық туғызатын, күрделі тақырыптар бойынша тапсырмаларды талдауға бағытталған тиімді жұмыс түрлерін Қарағанды қаласының жетекші мұғалімдері көрсетті: Келесбаева Шарбат Құлтайқызы «Нұркен Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ., Мекеева Жанара Серікқызы «№87 жалпы білім беретін мектебі» КММ., Голяндина Юлия Александровна «№11 негізгі орта мектебі» КММ

Қамту: 100 адамды құрады.