Қарағанды облысының білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 24 қазан күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін анықтау және бағалау мақсатында «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – 2025» облыстық қорытынды кезеңі өткізілді.
Байқау екі кезеңнен тұрды: бірінші кезең аудандық/қалалық деңгейде өтті. Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша екінші кезеңге қатысқан 13 мұғалімнің ішінен алты қатысушы ақтық кезеңге өтті.
Байқауға қатысушылар өздерінің инновациялық идеялары мен жетістіктерін ұсынды, педагогикалық қағидаттары мен білім берудегі көзқарастарын, сондай-ақ, бүгінгі педагогтің басты миссиясы – тұлға қалыптастыру мен адамгершілік құндылықтарды насихаттау екенін атап өтті.
Байқаудың екінші «Практикалық дағдылар» тапсырмасында өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін екі негізгі тапсырманы орындау арқылы жаттығуларды тек көрсетіп қана қоймай, олардың орындау әдісін түсіндіріп, баскетбол, волейбол, футбол, гимнастика бойынша жаттығулардың техникасын практикалық түрде көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың дене дайындығын ғана емес, сондай-ақ олардың педагогикалық шеберліктерін жаттығу техникасын сауатты және түсіндіру қабілетіне қарай бағалады, сонымен қатар, шығармашылық пен бастамашылдық ерекше ынталандырылды.
Байқауға жанкүйер ретінде 50-ден астам Қарағанды облысының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Олар қатысушылардың практикалық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін және педагогикалық инновацияларын бағалап, өз пікірлерін білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Құлсарин Мирас Есембайұлы, Шет ауданы «Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 1-орын;
Сембаев Жандос Айдарбекұлы, Теміртау қаласы «Қыздар гимназиясы» КММ 2-орын;
Әлімбеков Дидар Ермекұлы, Қарағанды қаласындағы «Абай атындағы мектеп-гимназиясы» КММ 2-орын;
Сатыбалдин Айбол Есенжолұлы, Қарқаралы ауданы, Жарлы ауылындағы «Н. Абдиров атындағы №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ 3-орын;
Тұяқбай Думан Талғатұлы, Ақтоғай ауданы «Ә.Бөкейханов атындағы тірек мектебі» КММ 3-орын;
Ермек Айдын Мұқатайұлы, Нұра ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы ТМ(РО)» КММ 3-орын.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!





umc-ro@umckrg.gov.kz







