2025 жылғы 23 қазанда Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығы «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжімен бірлесіп, қаржылық сауаттылық апталығы аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Жастар – шағын кәсіпкерлікке» атты үздік студенттік Бизнес идеялардың облыстық байқауынөткізді.
Байқаудың мақсаты – колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға қызығушылығын арттыру, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, студенттердің кәсіпкерлік бастаманы іске асыруға кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Байқауғаколледждердің 84 студенті45 жобаменқатысты.
Байқау 2 кезеңде өтті, қазылар алқасының шешімімен тек 17 үздік жоба екінші турға өтті.
Студенттердің бизнес-жобалары әрқилы болды: мобильді қосымша жасаудан, мысықтар кафесін (котокафе) ұйымдастырудан экологиялық тауарлар өндіруге дейін.
Финалда қатысушылар өз жобаларының питч-презентациясымен сөз сөйледі.
Байқауға комиссия құрамына жетекші бизнес және кәсіпкерлік қайраткерлері шақырылды: Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кәсіпорын экономикасы және менеджменті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доценті), э.ғ.к. - Магрупова Зульфия Мазгаровна, Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің 1 санатты сарапшысы - Бектурсунова Жанар Қайырғалиевна, «Enactus World Cup» ұлттық чемпионатының финалисі, жеке кәсіпкер - Серікбай Кәлима Серікбайқызы және «Respublica» партиясының «Women Respublica» әйелдер қанатының мүшесі, жеке кәсіпкер - Бидайбаева Алмагуль Сериковна.
«Жастар – шағын кәсіпкерлікке» атты үздік студенттік Бизнес идеялардың облыстық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - «BlOOM CITY» жобасы, авторлары – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенттері - Барабошкин Артем және Куттимурадов Достан;
2 орын – «Көлік дөңгелектерін қайта өңдеу жолдары» жобасы, авторы – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің студенті - Есентай Нұрасыл;
3 орын – «AutoProbe» автоматты сынамалау» жобасы, авторлары – «Қазақмыс» корпорациясының Политехникалық колледжі» ЖММ студенттері - Лысенко Ксения, Дүйсен Жансерік;
3 орын – «Автоматтандырылған ағызу және қорғау жүйесі» жобасы, авторлары – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері - Саян Ясин, Тәңірберген Ерасыл.
Сондай-ақ, бағыттар бойынша жеңімпаздар анықталды:
«Әлеуметтік кәсіпкерлік»:
««Где мурчит душа» котокафесі» жобасы, авторлары – «Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті Экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖМ студенттері - Грунда Анастасия, Кузина Анастасия;
«Өндіріс, технологиялар, ауыл шаруашылығы»:
«Автоматтандырылған ағызу және қорғау жүйесі» жобасы, авторлары – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің студенттері - Саян Ясин, Тәңірберген Ерасыл;
«Дизайн (түрлері), креативті индустрия»:
«Киімді кастомизациялау» жобасы, авторы – «Ә. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті - Васильева Людмила.
«Білім, ақпараттандыру және цифрлық технологиялар»:
«BlOOM CITY» жобасы, авторлары – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенттері - Барабошкин Артем және Куттимурадов Достан.
«Медицина, денсаулық, сұлулық индустриясы»:
«Балаларға арналған коррекциялық даму кабинеті» жобасы, авторлары – «Мейіргерлік білім беру мектебі» ҚМҰА студенттері - Миллер Эвелина, Прейс Татьяна, Шпильберг Карина.
«Көлік, логистика және экология»:
«Көлік дөңгелектерін қайта өңдеу жолдары» жобасы, авторы – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Инновациялық технологиялар колледжінің студенті - Есентай Нұрасыл.
Бағыттар бойынша конкурс жеңімпаздары «Мен – кәсіпкер» Республикалық онлайн Гранд-турниріне қатысуға құқылы.





umc-ro@umckrg.gov.kz





