Размер шрифта:
ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ
28-10-2025 18:49
ТАРИХ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ

      Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 28 қазанда Қарағанды қаласының "мамандандырылған-инновациялық технологиялар мектеп-лицей-интернаты" КММ базасында мамандандырылған мектеп-лицей интернаттарының тарих пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысын өткізді.

Жұмыс тәжірибесімен бөлісті:

Сәдуақасов Шахкарим Асқарұлы, "А.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған облыстық мектеп-интернат-колледжі" КММ тарих пәнінің мұғалімі, отырысқа қатысушыларға тарих сабағында табысқа жету үшін интерактивті формалар мен психологиялық ынталандырудың түрлі тәсілдерін ұсынды.

Табынбекова Мейрамгүл Әмірбекқызы, "Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" КММ тарих пәні бойынша пәндік олимпиадаға білім алушыларды даярлаудың формалары мен әдістерін кезең-кезеңімен көрсетті.

Қамту 18 адамды құрады.