Размер шрифта:
«Бағалау рәсімдері тұрғысынан ағылшын тілі педагогтерінің пәндік құзыреттерін өзектендіру және жүйелеу» тақырыбында күзгі мектеп өткізілді
30-10-2025 12:33
«Бағалау рәсімдері тұрғысынан ағылшын тілі педагогтерінің пәндік құзыреттерін өзектендіру және жүйелеу» тақырыбында күзгі мектеп өткізілді

      Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылғы 29 және 30 қазанда Қарағанды облысы өңірлерінің аттестатталатын ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Бағалау рәсімдері тұрғысынан ағылшын тілі педагогтерінің пәндік құзыреттерін өзектендіру және жүйелеу» тақырыбында күзгі мектеп өткізді.

      Күзгі мектептің жұмысына Цой Ксения Петровна, Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері; Испулаева Алмагуль Бакитовна, Қарағанды облысы Орыс тілі және әдебиеті мұғалімдері Қауымдастығының Төрайымы, Қарағанды облысы "Мұрагер ММЛИ" КММ мұғалімі; Байжигитова Толеубике Рымкановна, Қарағанды қаласының «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі; Кудина Елена Алексеевна, Шахтинск қаласындағы «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі; Чистякова Инна Владимировна, Герасименко Евгения Сергеевна, Қарағанды облысы "Мурагер ММЛИ " КММ мұғалімдері; Алимбаева Айнур Сейтжановна, «№ 14 мектеп-лицейі» КММ  ағылшын тілі мұғалімі; Ботиенко Наталья Владимировна, Теміртау қаласындағы «№ 1 гимназия» КММ ағылшын тілі мұғалімі; Гагарин Данил Владиславович, Қарағанды қаласы «№ 16 ЖМ» КММ ағылшын тілі мұғалімі.

      Педагогтар ПББ өту ерекшеліктерімен танысты, оқу бағдарламасының күрделі тақырыптарын пысықтады, педагогтарды аттестаттаудың өзекті мәселелерін талқылады. Күзгі мектеп дамуға және жетілдіруге ұмтылатын педагогтарды біріктіріп, тәжірибе алмасу, шабыт пен кәсіби өсу алаңына айналды.